$ 449.3  489.69  4.89

Ердоған мен Байденнің кездесуі үлкен дауға ұласты

Оған себеп - сәтсіз ракурс.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ердоған мен Байденнің НАТО саммитінде түскен суреті желіде қызу талқыланып жатыр. Оған себеп - сәтсіз ракурс, деп хабарлады nege.kz.

Пандемияға байланысты қазір жұдырықпен амандасу “сән” болып тұр. Сөйтіп Түркия басшысы Байденмен амандаспақ боп тұра берген бетте бірнеше кадр жасалған. Сол жерде құдды қолын сүйгелі жатқандай көрініп қалған. 

Батыстық БАҚ-та дәл сол сурет таралғанына Ердоғанның кеңесшісі Исмаил Сесур қарсы шығып, Financial Times басылымы мұны қасақана жасады деп айыптады. 

Артынша Reuters агенттігі жағдайдың қалай болғанын түсіндіріп, қате түсінік қалыптасып қалмасын деп Түркия басшысының орнынан тұрғалы жатқанын көрсетіп, өзге де кадрларды жариялады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары