$ 494.87  520.65  4.91

Ан-26 апатында қаза тапқандардың мәйіттері судан шығарылып жатыр

Қанша мәйттің табылғаны айтылмады. Ақпарат минут сайын өзгеріп жатыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов құтқарушылар Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағындағы адамдардың мәйіттерін алып шығуға кірісті деп мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz Интерфаксқа сілтеме жасап хабарлады.

– Құтқару операциясы жүргізілуде, алғашқы мәйіттер судан шығарылып жатыр, нақты уақыт режимінде ақпарат түсіп жатыр, – деді Солодов Интерфаксқа.

Қанша мәйттің табылғаны айтылмады. Ақпарат минут сайын өзгеріп жатыр. Интерфакс басылымының хабарына сүйенсек, қазір 6 адамның денесі судан шығарылған.

Петропавл-Камчатскийден Палана ауылына ұшып бара жатқан Ан-26 жолаушылар ұшағы қонардан он минуттай бұрын байланыстан үзілді. Кейінірек әуе кемесінің фюзеляжының бөліктері таудың баурайында және теңізден жағадан 4 км қашықтықта табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтағы 28 адамның барлығы қаза болған.

7, 8, 9 шілдеде Камчатка өлкесінде ұшақ апатынан қаза тапқандарға аза күту жарияланды.

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына 3,5 млн рубль беріледі. Бұл сома Камчатка аймағы үкіметінің отырысында жарияланды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары