07.07.2021, 18:00

Гаити президентін өлтіріп кетті

Фото: ашық дерекөз
Испан тілінде сөйлеген белгісіз қарулы адамдар президенттің резиденциясына шабуыл жасаған.

Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасалды, ел басшысы ауыр жарақат алып, қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Gazette Haiti порталының мәліметінше, елдің премьер-министрі Клод Джозеф шабуыл сәрсенбіге қараған түні жасалғанын хабарлады. Испан тілінде сөйлеген белгісіз қарулы адамдар президенттің резиденциясына шабуыл жасаған.

Шабуыл кезінде президенттің әйелі де зардап шекті.