Гаити президенті Джовенел Моиске шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды. Miami Herald басылымының хабарлауынша, президентке оқ атқандар өздерін есірткімен күрес басқармасының (DEA) қызметкерлеріміз деп таныстырған. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бұл DEA арнайы операциясы! Ешкім қарсылық көрсетпесін! Бұл DEA арнайы операциясы! – деп айқайлайды шабуыл жасаушылардың бірі.
Гаити президенті сәрсенбіге қараған түні қайтыс болды. Ел билігі қастандықты шетелдіктердің қарулы отряды жасады деп санайды.
Доминикан Республикасы өз территориясына кісі өлтірушілердің қалай кіргенін зерттеп жатыр, олар президентке шабуыл жасағандар төрт колумбиялықтан және үш венесуэлалықтан тұратын жасақ жасаған деп болжайды.