Германияның Аденау қаласында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласып, отызға жуық адам хабар- ошарсыз кетті, деп хабарлайды ЭК.
"Tass.ru" сайтының мәліметінше, Германияның бірнеше өңірінде нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан. Аденау қаласында алты үй құлап, отызға жуық адам жоғалып кеткен. 25 үйдің құлау қаупі бар.
Жергілікті полиция өкілінің мәліметінше, тасқынның салдарынан хабар-ошарсыз кеткен адамдардың нақты саны әзірге белгісіз.
Аймақта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.