Токио қалалық әкімшілігі қалада коронавирус жұқтыру көрсеткішінің ұлғайғанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды ЭК.
Бейсенбі күні 1979 адамның бойынан коронавирус ауруы анықталған. Елде ауру жұқтыру ауқымы ұлғайып бара жатқандықтан, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді, деп жазады Kyodo News агенттігі.
Токио қаласында коронавирус жұқтыру көрсеткіші өткен аптаға қарағанда 55,7-ке өскен. Бүгінгі таңда қалада орта есеппен 1373,4 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелуде. Мамандардың есебінше, тамыз айының басында Жапония астанасында тәулігіне 2600 вирус жұқтыру дерегі тіркелуі мүмкін.
Еліміздің Ұлттық олимпиада комитеті Токиоға баратын спортшылардың денсаулығын жіті бақылайтын арнайы медициналық топ құрылғанын мәлімдеген болатын. Әзірге біздің спортшыларымыздың арасында аса алаңдатарлық жағдай туындаған жоқ.