Токио Олимпиадиасына қатысып жатқан 16 адамнан соңғы күні тапсырылған тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін Жазғы ойындардың ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды деп жазады NEGE.
Індет жұқтырғандардың 3-уі спортшы. Олар Олимпиада қалашығында тұрмайды екен.
Осылайша, COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 153 адамға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Токиода 12 шілдеден бастап эпидахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Қатаң шектеулер 8 тамызға дейін күшінде болады.