29.07.2021, 17:20

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

Фото: elements.envato.com
Құжатты жария талқылау 12 тамызға дейін жалғасады.

Сыртқы істер министрлігі Пусанда (Корея Республикасы) Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы президент жарлығы жобасын жария талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжаттың түсіндірме жазбасында Пусанда Бас консулдықтың ашылуы Қазақстанның осы бағыттағы жұмысын күшейтеді, сондай-ақ өңірдегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға мүмкіндік береді делінген.

Құжатты жария талқылау 12 тамызға дейін жалғасады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Пусан - көлемі жөнінен Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші үлкен қаласы. Елдегі ең үлкен порт.