$ 444.22  476.38  4.82

Еуропа отқа оранды (видео)

Босния мен Герцеговинада сирек кездесетін ағаштар өскен орман өртке оранды. Италияның да оңтүстік аймағында орман өрті қатты болып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Құрғақшылық пен аптап ыстық, суыра соққан қатты желдің кесірінен Еуропаның оңтүстік бөлігін орман өрті түгелдей шарпыды, деп хабарлайды ЭК.

Сенбі күні Грецияның батысынан басталған алапат өрт жағажайда демалып жатқан туристермен бірге, сол маңдағы төрт шағын қалашықтың халқын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүрледі. Соңғы аптада Грецияда 56 орман өрті тіркелген.

Италияның да оңтүстік аймағында орман өрті қатты болып жатыр. Әсіресе Сицилияның орманды аймақтарындағы қалың өртті сөндіруге құтқарушылар 250 рет араласқан. Өткен тәуліктің түнінде таулы жерлер мен жағажайлардағы өрт сөндіріліп, бірнеше адам қала орталығына жеткізілген. Қалалық әуежай ұшу-қону жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған.

Босния мен Герцеговинада сирек кездесетін ағаштар өскен орман өртке оранды. Адам аяғы баспайтын жерде өсетін балқарағай орманы Еуропадағы ең көне орман боп есептеледі. Қазір жергілікті билік өрттің алдын тоқтаттық деп отыр.

Түркия жағалауындағы орман өртінен 6 адам көз жұмды. Сенбі күні Анталья провинциясына қарасты Манавгата қаласындағы өртті сөндіру кезінде екі жұмысшы қаза болды.

Ел президенті Реджеп Тайип Ердоған өртке оранған аумақты тікұшақтан бақылап, тілсіз жаудан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары