04.08.2021, 07:03

Кувейтте алапат өрт болып жатыр (видео)

Фото: ашық дереккөз
Видеода көрсетілген әуеге көтерілген қою түтіннің көлемінен-ақ өрттің қоршаған ортаға асқан зардап әкелетіндігін байқауға болады.

Әлемдегі ең үлкен жарамсыз дөңгелектер тастайтын қоқыс алаңында алапат өрт болып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Видеода көрсетілген әуеге көтерілген қою түтіннің көлемінен-ақ өрттің қоршаған ортаға асқан зардап әкелетіндігін байқауға болады.

Кувейттегі керексіз дөңгелектер тасталатын қоқыс алаңында шамамен 56 миллиондай жарамсыз автомобиль балоны бар. Бұрын да бұл жерден өрт шыққан екен. Ал мына өрт аса қауіпті апат болғалы тұр. Өйткені өрт сөндірушілер алапат өрттің маңына бара алар емес.