$ 444.22  476.38  4.82

Ресейде жолаушылар мінген автобуста жарылыс болды

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 адам зардап шеккен. Бір әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды, оның аяғы жұлынып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

12 тамызда кешке ресейлік Воронежде сауда үйі алдында 35 жолаушы отырған автобус жарылып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға сағат 21.24-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00.24) "Галерея Чижова" сауда орталығының маңында болды, 10А бағытындағы ПАЗ жарылды. Оқиға кезінде автобуста 35 жолаушы болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 адам зардап шеккен. Бір әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды, оның аяғы жұлынып кеткен. Тағы үш адамның жағдайы ауыр, олар жансақтауда, бір адам операциялық бөлімде жатыр. Бес жолаушының жағдайы орташа, екеуінің жағдайы қанағаттанарлық, тағы екі адамға ауруханаға жатудың керегі болмаған.

Жарылыс видеоға түсіп қалды.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметі бойынша, алдын ала себеп - газ жабдығының жарылуы. Ал тасымалдаушы өкілі компанияның барлық көлігі дизель отынымен жүретінін айтады.

Тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс істеу немесе қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, оның тергеуін орталық аппарат бақылауға алған. Ведомство бастығы Александр Бастрыкин өңірге криминалистер мен тергеушілер жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары