$ 443.85  474.3  4.8

«Қисайып, жерге соғылған»: Мәскеу түбінде құлаған ұшақтың ВИДЕОСЫ тарап кетті

Бір қозғалтқыш істен шығып, өртке оранған. Ұшақ қонуға дайындалып жатқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, экипаждың үш мүшесі қаза болды.

Ресейдің Мәскеу облысында Ил-112В әскери-көлік ұшағының тәжірибелік үлгісі апатқа ұшырады, деп хабарлады РИА Новости.

Алдын ала мәліметке сәйкес, экипаждың үш мүшесі қаза болды. Олардың арасында командир, еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшы, Ресей Қаһарманы Николай Куимов бар. 

"Бір қозғалтқыш істен шығып, өртке оранған. Ұшақ қонуға дайындалып жатқан. Сол себепті жерге жақын болды. Жылдамдығы да қатты емес еді. Ал қозғалтқышы істемей қалғаннан кейін ұшақ бір жаққа қисайып барып, жерге соғылған", - дейді мамандар.

Ил-112В ұшағы Кубинка аэродромынан көтеріліп, Раменское қаласына қарай ұшып бара жатқан. Ол Никольское елді мекенінің жанында апатқа ұшырады. Тұрғындардың бірі апатты видеоға түсіріп алды. 

Бірлескен әуе құрылысы корпорациясы апаттың болғанын растады. Ил-112В – жаңа үлгідегі ресейлік ұшақ. Оны Воронеж авиация зауытында құрастырған. Жаңа ұшақ Ан-24 мен Ан-26 алмастырады деген жоспар бар.  
Бес күн бұрын тура сондай ұшақ Воронежден Жуковскийге ұшып келген. Сол жерде жаңа ұшақ "Армия-2021" форумында таныстырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей #Мәскеу