18.08.2021, 16:40

Бішкекте Ауғанстаннан келген босқындар өздеріне азаматтық беруін талап етті

Фото: ашық дерекөз
Бішкекте БҰҰ ғимаратының жанында Ауғанстаннан келген босқындардың митингісі өтті.

Бішкекте БҰҰ ғимаратының жанында Ауғанстаннан келген босқындардың митингісі өтті. Шеруге қатысушылар өздеріне республикада ресми мәртебе беруді немесе үшінші елдерге жіберуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24 Kg сайтына сілтеме жасап.

Әли Сарвар Мұхаммед Набидің айтуынша, Ауғанстан азаматтары Қырғызстанда 18-20 жылдан астам уақыт аралығында өмір сүріп келеді, алайда оларға тиісті құжаттар берілмеген.

"Біз бұл елде босқын мәртебесімен тұрып жатырмыз. Қолда бар бұл құжатпен жұмыс табу қиын. Біз өзімізге Өзбекстан азаматтығын бергенін қалаймыз, олай болмаған жағдайда Америка немесе Канада секілді елдерге жіберсін. Өкінішке орай, бізге БҰҰ ғимаратынан ешкім шыққан жоқ, сенім телефондары арқылы да қойылған сұрақтарға жауап ала алмадық" ,- деді Әли Сарвар Мұхаммед Наби.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті.

Ауғанстанда орын алған жағдайға байланысты босқындар мәселесі бүкіл әлемді алаңдатып тұр. Бұған дейін, Ауғанстаннан келгендер президенттен туыстарын Қазақстанға көшіріп беруін сұрағанын жазған болатынбыз.