$ 494.87  520.65  4.91

Патшайым Елизавета II Гарри ханзадаға қарсы сот ісін бастауға бұйрық берді – БАҚ

Гарри мен Меганға қарсы сот ісі қозғалады. Оларға осындай жолмен айтылған сөздердің жазасыз қалмайтыны түсіндірілмек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Гарри мен Меганға қарсы сот ісін бастауға бұйрық берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Sun газетіне сілтеме жасап.

Патшайымның заңгерлері ІІ Елизаветаның немересі Гарри мен оның әйелі Меган Марклдың сынынан кейін жала мәселесі бойынша маманданған компаниялардың сарапшыларымен кеңесіп жатыр.

Басылымның хабарлауынша, олардың айтқандары патшайымның шамына тиген. Гарри мен Меганға қарсы сот ісі қозғалады. Оларға осындай жолмен айтылған сөздердің жазасыз қалмайтыны түсіндірілмек.

Өткен айда корольдік отбасы Гарридың мемуар жазып жатқаны туралы жаңалықты естіп, таң қалды. Ол кітабында корольдік отбасының ішкі сырларымен бөлісіп, оны патшайымның 100 жылдық мерейтойына орайластырып шығаратынын мәлімдеген.

Penguin Random House баспа үйіне құқықтық ескерту жіберу туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары