$ 494.87  520.65  4.91

«Тәліптер бейбіт тұрғындарды өлім жазасына кесуде» – БҰҰ

Бұған дейін Ауғанстанның солтүстігінде тәліптер жас әйелді дәмсіз тамақ пісіргені үшін өртеп жібергені айтылған болатын.
Фото: EADaily
Фото: EADaily

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелеттің айтуынша, оның кеңсесінде "Талибан" содырларының өрескел құқық бұзушылықтары туралы сенімді мәліметтер бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жетекшісі сейсенбіде Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының өрескел құқық бұзушылықтары туралы сенімді ақпарат алғанын айтты, оның ішінде бейбіт тұрғындар мен ауған қауіпсіздік күштерінің "өлім жазалары" туралы ақпараттар бар. 

БҰҰ өкілі, атап айтқанда, бейбіт тұрғындарды тиісті заң шеңберінсіз өлім жазасына кесу, наразылықтарды басу және балаларды әскер қатарына қосу туралы айтты.

"Бұл бейбіт тұрғындар мен Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің бұрынғы мүшелерін сот аясынан тыс өлтіру, әйелдер құқығының шектелуі, оның ішінде еркін жүру және қыздардың мектепке бару құқығы жайында айтылып отыр. Сонымен қатар бала-сарбаздар әскер қатарына алынып, бейбіт шерулер басылуда" , - деді БҰҰ комиссары.

Ол бұған дейін топ өкілдері әйелдер мен этникалық және діни азшылықтардың құқықтарын құрметтеуге міндеттеме алғанына ерекше назар аударды. Бачелет тәліптерді әйелдердің құқықтарын құрметтеуге шақырып сонымен бірге бұл саладағы кез келген құқық бұзушылық әлемдік қоғамдастық алдындағы "қызыл сызыққа" айналатынын атап өтті.

БҰҰ комиссары 1996 жылы Талибан шабуылынан бұрын 3,5 миллион қыз баланың мектепке барғанын еске салды. Ал 1999 жылдың өзінде тек 9 мыңға жуық қыз бастауыш мектеп табалдырығын аттаған.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз сарапшылары жасаған біріккен мәлімдемеде "Талибан үйлерді аралап іздеуді жалғастыруда" деп көптеген адамдар жасырынып жатқанын және жеке мүліктерді тартып алу мен репрессия туралы хабарлама түскенін айтқан.

"Тәліптердің осы айларда және осы уақытқа дейін жасаған әрекетін соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қиянатпен теңестіруге болады" , - деді олар.

Бұған дейін тәліптер қазіргі "Талибанның" 20 жыл бұрынғыдан өзгеше екенін айтқан болатын: Ауғанстанда билікті қолға алғаннан кейін олар адам құқықтарын қорғауға уәде берген, соның ішінде әйелдердің, ешкімнен кек алмау және тұтастай алғанда күшті исламдық мемлекет құру үшін өткеннің барлық қателіктерін ескеруді меже қылғанын мәлімдеген.

Алайда, кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған жаңалықтар барлығы керісінше екенін көрсетті. Бұған дейін Ауғанстанның солтүстігінде тәліптер жас әйелді дәмсіз тамақ пісіргені үшін өртеп жібергені айтылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары