07.09.2021, 00:49

Тәліптер Панжшерді толық басып алғанын мәлімдеді

Фото: ашық дерекөз
«Жалдамалы жаудың соңғы тірегі болған Панжшер провинциясы толығымен басып алынды», - деді Забихулла Муджахид.

«Талибан» қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған) Забиулла Муджахид Ауғанстанның Панжшер провинциясы толығымен тәліптердің бақылауына өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Жалдамалы жаудың соңғы тірегі болған Панжшер провинциясы толығымен басып алынды», - деді Забихулла Муджахид.

Ол Ахмад Масуд бастаған әскер беріліп, кейбіреуі шекарадан өтіп, Панжшерден қашып кеткенін айтты. 

«Осы жеңіс пен соңғы күш-жігердің арқасында еліміз соғыс төңкерісінен шықты, енді біздің халық бейбітшілік, бостандықта бақытты өмір сүреді».

Әлеуметтік желілерде тәліптердің Панжшер губернаторы резиденциясының қақпасында тұрған видеолары мен суреттері жарияланды, кейбір ауданда олар жалауын көтерген. 

«Талибан» өкілі тәлімтерден этникалық жағынан ерекшеленетін, негізінен пуштундар тұратын және 1996-2001 жылдары олардың билігі кезінде исламистерге қарсы шыққан Панжшер тұрғындарын "кемсітпеуге" уәде берді.  

«Олар біздің бауырымыз, біз елдің ортақ мақсаты мен әл-ауқаты үшін бірге жұмыс істейміз», - деді Муджахид.

Ал ұлттық қарсылас майданындағылар тәліптердің бұл мәлімдемесін жалған деді.

«Біз Ауғанстан халқына тәліптер мен олардың сыбайластарына қарсы күрес әділдік пен бостандық орнағанша жалғаса беретінін айтамыз», - деді Панжшер алқабын қорғаушылар.