09.09.2021, 02:30

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі қайтыс болды

Евгений Зиничев Арктикалық аймақты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ведомствоаралық жаттығуларға қатысу кезінде адам өмірін сақтап қалып, өзі қаза тапты

Ресей ТЖМ басшысы Евгений Зиничев қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды.

 

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Ресей ТЖМ Евгений Зиничев Арктикалық аймақты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ведомствоаралық жаттығуларға қатысу кезінде адам өмірін сақтап қалып, өзі қаза тапты, – делінген министрлікте.

«Россия сегодня» мен РТ бас редакторы Маргарита Симонян Ресей ТЖМ басшысын өлімінің егжей-тегжейін айтты.

 

– Ол оператормен бірге жиекте тұрды. Оператор тайып кетіп, суға құлап кетті, – деп жазды ол Telegram арнасында.

Симонян Зиничев құтқармақ болған оператордың да қайтыс болғанын айтты.

Евгений Зиничев 1966 жылы 18 тамызда Ленинградта туған. 1987-2015 жылдары КСРО, кейін Ресейдің мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді. Калининград облысы бойынша ФСБ бөлімінің бастығы болып тағайындалғанға дейін ол терроризмге қарсы қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.