Әлем 16.09.2021 сағат 02:30

Еуропарламент депутаттары Навальныйды Сахаров сыйлығына ұсынды

Сот үкіміне сәйкес, саясаткер түрмеде жалпы алғанда 2 жыл 8 ай отыруы тиіс.
Еуропарламент депутаттары Навальныйды Сахаров сыйлығына ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еуропарламенттегі "Еуропаның жаңаруы" тобы 14 қыркүйекте ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынды, деп жазады Азаттық. 

"Еуропаның жаңаруы" тобының сайтында Ресейде жемқорлықпен күрескен саясаткер қоғамда ірі акциялар ұйымдастырып, реформаларды талап етіп, Путин режиміне қарсы күресті деп атап көрсетілген. Жазба авторлары Алексей Навальныйды Путин қорқатын адам деп атаған.

"Еуропаның жаңаруы" тобының өкілі, Еуропарламент депутаты Ги Верхофстадт (Бельгияның бұрынғы премьер-министрі) Алексей Навальный Еуроодақ талап етіп отырған құндылықтар атап айтқанда, демократия, заң үстемдігі, ақиқат пен еркіндік үшін күресіп отыр, сол үшін тіпті басын қауіпке де тікті деп мәлімдеді. Верхофстадттың айтуынша, Навальныйды Ресейде өз көзқарасын ашық айтудан қауіптенетін көп азамат қолдайды және Еуроодақтың қолдауына зәру деді.

Навальный қаңтар айынан бері түрмеде қамауда отыр.

Былтыр тамыз айында Навальный улану белгілері бойынша Омбы ауруханасына түсіп, кейін Германияға емдеуге жіберілді.

Неміс зертханасының сарапшылары оппозиционердің ағзасынан "Новичок" тобына жататын удың іздерін тапты. Ресей билігі Навальныйдың уланғанын және өздерінің улауға қатысын жоққа шығарады.

Биыл 17 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге оралды. Шереметьево әуежайында оны полиция ұстады. ФСИН Навальныйдың "Ив Роше" ісі бойынша алған шартты жаза ережелерін бұзды деп мәлімдеп, оны түрмеге жіберуді сұрады.

2 ақпанда сот ФСИН-нің өтінішін орындады. Сот үкіміне сәйкес, саясаткер түрмеде жалпы алғанда 2 жыл 8 ай отыруы тиіс.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар