Филиппиндік боксшы және сенатор Мэнни Пакьяо атымен танымал Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Мэнни Пакьяо "Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі" фракциясының (PDP-Laban) атынан үміткер болады.
"Сенатор Мэнни Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болатынын хабарлады", - делінген CNN Philippines-тің Twitter-дегі хабарламасында.
Бұған дейін "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтың билігі" (PDP-Laban) Филиппин президенттігіне сенатор Кристофер Бонг Гоға үміткер болуды ұсынған, бірақ ол бұған мүдделі емес екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ, қыркүйекте Филиппин президенті Родриго Дутерте PDP-Laban фракцияларының бірінің отырысында 2022 жылғы сайлауда ресми түрде вице-президенттікке үміткер ретінде ұсынылғаны белгілі.