Әлем 27.09.2021 сағат 02:29

Ауғанстанда қырынуға тыйым салынды

Сонымен қатар шаштараз ғимараттарында ән және әнұран тыңдамау жөнінде ескерту жасалған.
Ауғанстанда қырынуға тыйым салынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тәліптер Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында сәнді шаш үлгілерін жасатып, сақалдарын қыруға тыйым салды.

Бұл туралы тәліптердің хатында жазылған, деп хабарлады РИА Новости.

Министрліктің лауазымды тұлғалары Лашкаргах қаласында ерлер шаштаразы өкілдерімен кездесулерінде сәнді шаш үлгілерін жасамауға және тұрғындардың сақалдарын қырмауға кеңес берді. 

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таралған қаулыда шаштараз ғимараттарында ән және әнұран тыңдамау жөнінде ескерту жасалған.

Еске салсақ, 15 тамызда тәліптер Кабулды басып алып, соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Тамыздың соңғы екі аптасында Кабул әуежайынан ауғанстандықтарды жаппай эвакуациялау басталды. 31 тамызда америкалық әскерилер АҚШ-тағы 20 жылға жалғасқан миссиясын аяқтап, елдеріне қайтты. Қыркүйек айының басында Ауғанстан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды. Оны Мохаммад Хасан Ахунд басқарды. Талибанның алғашқы басшылығы кезінде ол СІМ басшысы қызметін атқарған болатын.

baq.kz 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар