$ 448.89  477.93  4.76

Қытайда толассыз жауын салдарынан бірнеше қаланы су басты

Нөсер жаңбырдың салдарынан көшелерде аққан су көліктерді ағызып, ойпаң жерде орналасқан аудандарға зиянын тигізді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында нөсер жауыннан аймақтағы бірнеше қаланы су басты. Бұл туралы Orda.kz 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нөсер жаңбырдың салдарынан көшелерде аққан су көліктерді ағызып, ойпаң жерде орналасқан аудандарға зиянын тигізді. Табиғат апатынан жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзір апарат жоқ.

Ал билік өкілдері аймақтағы бірқатар қоймада су деңгейі шамадан тыс көтеріліп, қауіп күшейгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары