$ 443.85  474.3  4.8

Коронавирус: Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

Қалада такси және қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Теміржол вокзалында жетпіске жуық рейс уақытша тоқтатылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланьчжоу қаласында (Ганьсу провинциясының әкімшілік орталығы) коронавирустың өршуіне байланысты қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап. 

Қалада такси және қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Теміржол вокзалында жетпіске жуық рейс уақытша тоқтатылған. Олардың қатарында Пекин мен Сиань қалаларына бағытталған рейс те бар.

China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі журналистерге Пекин мен Ланьчжоу арасында әуе рейсінің де тоқтатылғанын айтты. Үкімет әзірге әуе тасымалының қай кезде қайта басталатынын хабарламады. 

25 қазанда Ганьсу провинциясында 51 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді. Ал Ланьчжоуда алты жағдай анықталған. 18 қазаннан бастап әкімшілік орталықта 39 жағдай тіркелген. 

17 қазаннан бастап Қытайдың 11 провинциясында жүзден аса коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. Вирустың өршуін "дельта" штаммымен байланыстырады. Қытай билігі қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандарды жедел оқшаулап, елде инфекция тарауын тоқтатуға тырысып жатыр. Сонымен қатар үкімет нұсқаулығын орындамаған азаматты қызметінен шектетеді немесе түзету жұмыстарымен жазалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары