01.11.2021, 14:40

Президенттің күзетшілері журналистерге қарсы шықты

Фото: ашық дереккөз
Шабуыл президент Италия астанасының көшелерінде ұлттық құрама киімін киген бразилиялықтармен кездескен сәтте болған.

Бразилия президенті Жаир Болсонарудың күзетшілері оның G20 саммитіне Римге сапарын жазып жатқан бразилиялық тілшілерге күш қолданды, – деп хабарлайды Reuters агенттігі. Агенттік Болсонарудың баспасөзбен дұшпандық қарым-қатынаста екенін және ұзақ уақыт бойы журналистерді жалған ақпарат жариялады, оған әділетсіз қарым-қатынас жасады деп айыптап келгенін айтты.

Шабуыл президент Италия астанасының көшелерінде ұлттық құрама киімін киген бразилиялықтармен кездескен сәтте болған. Оны Бразилияда коронавирус инфекциясымен дұрыс күреспегені үшін қатты сынға алды, ал кейбіреулер оның әрекетін «геноцид» деп бағалады.

Журналистер түсірген видеода Болсонару жақтастарымен селфи жасап, сөйлесіп жатқан кезде күзетшілердің журналистерді көшеге итеріп жібергені көрсетілген.

«Globo телеарнасының журналисі Леонардо Монтейро Болсонарудан G20 шарасындағы бірде-бір іс-шараға неліктен қатыспағанын сұрағаннан кейін күзетшілердің бірі асқазан тұсынан соққы беріп, кері итеріп жіберді», – деп хабарлады Deutsche Welle.

«Globo өзінің тілшісі Леонардо Монтейроға және Римдегі басқа әріптестеріне жасалған агрессияны қатаң айыптайды және жауапкершілікті толық бағалауды талап етеді», – делінген хабарламада.

Бразилиялық Folha de S. Paulo газетінің Еуропадағы тілшісі Ана Эстела Де Соуса офицерлердің «оны итеріп, дұрыс қарым-қатынас жасамағанын» айтып шағымданды.

«Бұл дұрыс емес. Біз шағым түсіреміз. Президенттік сапарлар мен осындай оқиғаларды жазған 20 жыл ішінде менің басымнан мұндай жағдай өткен емес», – деді ол.

Қауіпсіздік қызметкерлері бразилиялық па, италиялық па белгісіз. Globo хабарлауынша, итальяндарға Болсонарудың қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктелген.

Айта кетейік, Бразилия президенті пандемия басталғаннан бері бірнеше рет сарапшылардың үндеулерін елемей, маска киюден бас тартып, оқшаулау шараларын қолдануға қарсы болды.