$ 446.49  475.38  4.79

Байден бүкіл елдің алдында ұйықтап қалды (видео)

Тоқтаусыз сөйлеп отырған Израиль премьерін Байден тыңдап отырған адамға ұқсамайды. Ол саусақтарын айқастырып, сұлқ отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Дональд Трамп АҚШ президенті Джо Байденді Глазгода өтіп жатқан табиғат жанашырларының кеңесінде бүкіл әлемнің алдында ұйықтап қалды деп сөкті. Ол дәлел ретінде Байден мен Израиль премьер министрінің сұхбаты түсірілген бейнежазбаны ұсынды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
АҚШ президенті Джо Байден мен Израиль премьері Нафтали Беннет сұхбаты кезінде Ақ үй басшысы шынымен қалғып кеткенге ұқсайды, деп жазады РИА Новости агенттігі.

Бейнежазбада тоқтаусыз сөйлеп отырған Израиль премьерін Байден тыңдап отырған адамға ұқсамайды. Ол саусақтарын айқастырып, сұлқ отыр. Оның осы отырысын бүкіл әлемнің әлеуметтік желі қолданушылары қатты сынға алуда.

Байденнің өзі "ғаламдық жылыну" секілді жалған әңгімені тыңдағысы келмеді. Ол Еуропаға осы мәселені көтермекші болып барды да, өзі ұйықтап қалды. Бұл мәселеге шын көңіл аударған адам ешқашан кірпік қақпас еді, - деп мәлімдеді Трамп.

Джо Байден Шотландияның Глазго қаласында 31 қазан мен 12 қараша аралығында өтіп жатқан жаһандық қоршаған орта мәселесі жөніндегі СОР26 кеңесінде Израиль премьер-министрімен кездескен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары