Түркия лирасы құлағаннан кейін Стамбұл мен Анкарада наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды «Адырна».
Наразылық білдірушілер үкімет пен Әділет және даму партиясының биліктен кетуін талап етті. Полиция акцияға қатысушыларды таратып жіберді.
Айта кетейік, 23 қарашада түрік лирасы бір доллар үшін 11,37-ден 13,21 лираға түсіп, жаңа антирекорд орнатты.
Бұған дейін Түркия Орталық Банкі есептік мөлшерлемені 16-дан 15% - ға дейін төмендеткен, ал президент Режеп Тайып Ердоған мөлшерлемені одан әрі төмендету туралы айтқан болатын.
2020 жылдың қарашасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған лира курсының рекордтық құлдырауы аясында елдің Орталық Банкінің басшысы Мұрат Үйсалдың отставкаға кетуі туралы шешім қабылдады.