$ 494.87  520.65  4.91

Байден Кентуккидегі торнадоны федерал апат деп атады

Президент бұйрығына сәйкес, федерал қаржыландыру Колдуэлл, Фултон, Грейвс, Хопкинс, Маршалл, Мюленбург, Тейлор және Уоррен округтерінде зардап шеккен адамдарға беріледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден торнадоға байланысты Кентукки билігіне қосымша көмек көрсетуді тапсырды. Ол табиғи апатты АҚШ тарихындағы ең жойқын апат деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үй сайтына сілтеме жасап.

Президент бұйрығына сәйкес, федерал қаржыландыру Колдуэлл, Фултон, Грейвс, Хопкинс, Маршалл, Мюленбург, Тейлор және Уоррен округтерінде зардап шеккен адамдарға беріледі. Көмекке уақытша тұрғын үй және үйді жөндеуге арналған гранттар, сақтандырылмаған мүліктен болған шығындарды жабу үшін төмен пайыздық несиелер және жеке тұлғалар мен бизнес иелеріне апат салдарын қалпына келтіруге көмектесетін басқа бағдарламалар кіруі мүмкін.

Федерал қаржыландыру осы округтердегі төтенше операциялар үшін шығындарды бөлісу негізінде достастық пен тиісті жергілікті үкіметтерге және кейбір жеке коммерциялық емес ұйымдарға беріледі.

Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (FEMA) Ішкі қауіпсіздік департаменті әкімшісі Дин Крисвелл Джон Броганды зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру бойынша федерал үйлестіруші етіп тағайындады.

Қаулыға сәйкес, бұл аудандарда зардап шеккен тұрғындар мен кәсіп иелері 14 желтоқсаннан бастап осы сайтқа тіркелу арқылы көмекке жүгіне алады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары