$ 494.87  520.65  4.91

5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

Қаңтар айында Еуропада коронавирустың «омикрон» штамына шалдығушылар саны артатыны болжанып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Британияда пандемия басталғалы вирусты жұқтыру оқиғаларының рекордтық саны тіркелді. Pfizer компаниясы ковидті емдеуге арналған жаңа дәрі шығарды. Еуропа 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуға дайындық жүргізуде. Украина індетке қатысты шектеулерді тағы үш айға созды.

Еруокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен коронавирустың «омикрон» нұсқасының қаңтар айында Еуропада басым болатынын ескертті. Бұл ретте ол Еуроодақ елдерінде вируспен күрес жүргізу үшін вакцина жеткілікті екенін атап өтті.

«Ауруға шалдығудың жаңа оқиғаларының саны әрбір екі не үш күн сайын еселеніп келеді жән ебұл үлкен көрсеткіштер. Ғалымдардың айтуынша, қаңтардың ортасына қарай «омикрон» Еуропада жаңа доминантты нұсқа болатынын күтуге болады», - деді фон дер Ляйен Европарламентке.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа нұсқасының әлемде үлкен қарқынмен таралып отырғанын еске салуда. «Омикронды « жұқтыру оқиғалары 77 елде расталды. Осы арада, АҚШ-та коронавирус жұқтырып қайтыс болған адамдар саны 800 мыңнан асқан – бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.

«Омикрон» белгілері өзге нұсқаларға ұқсамайды

Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл «омикрон» белгілерінің коронавирустың басқа нұсқаларынан ерекшеленетінін айтуда. Оның сөзінше, вирустың бұл нұсқасына шалдыққан адамдардың бұлшықеті, әсіресе арқасы ауырып, мұрны бітеледі, асқазаны қабынып, іші өтеді. Миалгия, яғни бұлшықеттің ауы руы – жаңа нұсқаның ерекше белгісі, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мұның себебін әзірге түсіне алмай отыр.

Д. Белл «омикронның» белгілері жайлы түсінік болғанымен, оның басқа ерекшеліктерін әлі де анықтау қажет екенін айтуда.

Pfizer ковидті емдеуге арналған жаңа дәрі шығарды

Pfizer компаниясы коронавирус салдарын емдеуге арналған жаңа Paxlovid препаратының тиімділігін мәлімдеді. Препарат қауіп тобындағы адамдар арасында ауруханаға жату және өлім жағдайларын 90 пайызға азайтты.

Тестілеуге 2,2 мыңнан артық волонтер қатысқан. Алынған мәлімет қараша айында жарияланған нәтижені растап шығарды.

Компания бірде-бір елде қолдануға рұқсат етілмеген П аксловид препараты зертханалық сынақта коронавирустың «омикрон» нұсқасына қарсы тиімділігін таныта алғанын мәлімдеді.

Паксловид екі препарат - жаңа тәжірибелік дәрі Н ирматрелвир мен АИТВ-ға қарсы қолданылатын вирусқа қарсы Р итонавир препараттарының қосындысы. Бұл дәріні бес күн қабылдау қажет.

Тағы бір препарат, Merck компаниясы шығарған М олнулиравир Ұлыбританияда қолдануға рұқсат етілген. Алайда зерттеу қорытындылары М олнулиравирдің ауруханаға жатқызу және өлім оқиғаларының санын небәрі 30 пайызға төмендеткенін көрсетті, оны қолдану қауіпсіздігіне де қатысты сұрақтар туындаған. Оған қарағанда, Pfizer компаниясы шығарған препараттың нәтижелілігі көп.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары