02.01.2022, 21:36

Лионель Месси коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөз
Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.

Аргентиналық "Пари Сен-Жермен" футболшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды. Француз клубы ақпаратты сайтында растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.

"Қазір олар оқшауланды және денсаулық туралы хаттамаға бағынады", - делінген клубтың сайтында.

Кіші Неймар 9 қаңтарға дейін емді Бразилияда медицина қызметкерлері қарауында және "Пари Сен-Жермен" командасының қызметкерлерімен бірге жалғастырады. Ол шамамен 3 аптадан кейін жаттығуға оралуы мүмкін.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.