$ 494.87  520.65  4.91

Сегіз ел қарызға батты

Жарна төлемеген елдер Біріккен ұлттар ұйымындағы дауыс беру құқығынан айырылды

Тізімде бірінші орында 16,2 миллион доллардан астам қарызы бар Иран тұр. Венесуэла және Судан сияқты сегіз ел жарна төлемегендіктен Біріккен ұлттар ұйымындағы дауыс беру құқығынан айырылды. Бұл туралы бас хатшы Антониу Гутерриш Бас ассамблеяға жолдаған хатында айтты, деп хабарлады informburo.kz ТАССқа сілтеме жасап.

Бас хатшының мәлімдеуінше, Антигуа және Барбуда, Конго, Гвинея, Папуа – Жаңа Гвинея да дауыс беру құқығынан айырылған.

Шешім БҰҰ Жарғысының негізінде қабылданды. Оған сәйкес қарызы екі жылдық жарна сомасынан асатын елдер дауыс беру құқығынан айырылады. Дегенмен, Ассамблея өздерінен тәуелсіз себептерге байланысты жарна төлей алмаған елдерге дауыс беруге рұқсат етуі мүмкін. Сондай себеппен Комор аралдары, Сан-Томе және Принсипи, Сомалиге 76-сессияның соңына дейін дауыс беру құқығын қалдыруға рұқсат берілген еді.

Хатта елдердің дауыс беру құқығын қалпына  келтіру үшін қанша сома жарна төлеу керек екені де көрсетілген. Тізімде бірінші орында 16,2 миллион доллардан астам қарызы бар Иран тұр. Одан кейін Сомали (1,4 миллион доллардан астам), Комор аралдары (871 632 доллар), Сан-Томе және Принсипи (829 888 доллар), Ливия (705 391 доллар), Конго (90 844 доллар), Зимбабве (81 770 доллар) және Орталық Африка Республикасы (29 395 доллар) және Оңтүстік Судан (22 804 доллар) бар.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлем #БҰҰ #Қарыз