Иран президенті Ибрахим Раиси ресейлік әріптесі Владимир Путинмен келіссөздер аяқталғаннан кейін Кремль ғимаратында кешкі намазын оқыды.
Tasnim ирандық агенттігі өзінің Telegram арнасында Кремль ғимаратындағы арнайы кілемде намаз оқып жатқан Иран президентінің суретін жариялады.
Раиси сәрсенбіде өзінің президенттік мерзімі 2021 жылдың тамызында басталғаннан бері Мәскеуге алғашқы сапарын жасады. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, Раисидің Ресейге сапары өте маңызды, оның аясында «Иран басшылығындағы өзгерістерді ескере отырып, қатынастарды түгендеу» қажет болады.
Ол сондай-ақ, тараптар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарын орындау мәселесін, экономикалық күн тәртібін, халықаралық саясат мәселелерін, БҰҰ-дағы және басқа да халықаралық ұйымдардағы жұмысты талқылайтынын атап өтті.
Бейсенбі күнгі сапары барысында Раиси Мемлекеттік Думаның пленарлық отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, ол Мәскеу соборлық мешітіне барып, мұсылман дінбасыларымен кездеседі.