$ 494.87  520.65  4.91

Тікелей эфир кезінде журналисті көлік қағып кетті

Журналист жерге құлап, абырой болғанда аман қалып, эфирді жалғастырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-та WSAZ арнасының тілшісі Тори Йоргиді тікелей эфирде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл оқиғаның видеосын 20 қаңтар, бейсенбіде американдық журналист Ли Кей Ховард Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Видеода тілшіні тікелей эфирге шыққан кезінде көлік қағып кеткенін көре аласыз. Салдарынан журналист жерге құлап, абырой болғанда аман қалып, эфирді жалғастырды.

Тілші ауыр жарақат алмағанын мәлімдеді.

Білесіз бе, бұл менің соңғы жұмыс аптам еді. Мен бұлай боларын білдім, деп жазды Тори Йорги.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары