22.01.2022, 00:38

Либерияда шіркеуде 11 бала тапталып өлді

Фото: ашық дереккөз
Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Либерия астанасы Монровияда қаруланған адамдар шіркеуге шабуыл жасады. 29 мінәжат етуші, соның ішінде 11 бала да сыртқа қашпақ болғанда, қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды. Шабуыл кезінде шіркеуде жүздеген адам болған.

Қару асынған бір топ ер адам кіріп келді. Оларды көре сала жапа тармағай қаша жөнелдік, дейді куәгерлердің бірі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірі хал үстінде жатыр. Сондықтан қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін. Әлеуметтік желіде куәгерлер қайғылы оқиға болған жерден қорқынышты кадрларды жариялап жатыр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.