$ 494.87  520.65  4.91

«24 сағат беремін»: Зеленский елден қашып кеткен бай-ауқаттыларға үн қатты

«...Олар қайтып келуі керек деп санаймын. Әйтпесе, мемлекет пен басшылық ретінде бәрімізге де салмақты тұжырымдар жасау керек. Сеніңіздер, солай жасаймыз»
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Германия канцлері Олаф Шольцпен өткен баспасөз мәслихатында Украина президенті Владимир Зеленский елден кеткен олигархтар мен Жоғарғы Рада депутаттарын бір күн ішінде елге оралуға шақырды деп жазды turkystan.kz «Украинская правда» сайтына сілтеме жасап.

«Бизнесмендерге келсек… кеше ғана 30 чартер дедіңіз. Бұл бай ел екенімізді көрсетеді. Ең бастысы, олар Украинадан ештеңе алып кетпей, құр қол ұшып кетсе болғаны. Шет елде жүргендер, түрлі партиялардың депутаттары… оларға мемлекеттен, Жоғарғы Рададан, спикерден белгі беруіміз керек. Ал өзім 24 сағат ішінде елге оралса екен деймін. Олар қайтып келуі керек деп санаймын. Әйтпесе, мемлекет пен басшылық ретінде бәрімізге де салмақты тұжырымдар жасау керек. Сеніңіздер, солай жасаймыз», – деді Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, мемлекет бизнеске ықпал етпейді. Бірақ олар кәсіпорындар мен қызметкерлеріне оралулары керек.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары