$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің бірнеше қаласында соғысқа қарсы митинг өтіп жатыр

Соғыстың болғанын қаламайтын халық көшеде әлі тұр.

Ресей қалаларында жергілікті тұрғындар ел әскерінің Украинаға басып кіруіне қарсылық білдіріп жатыр. Бірқатар қалада тұрғындар қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

Күні бойы Ресейдің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Иркутск, Омбы, Астрахань және Владивосток қалаларында жеке пикеттер өтті. Кешке қарай наразылық білдірушілер жаппай митингілерге жинала бастады.

Ресейдің Тергеу комитеті келісілмеген әрекеттерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартатындарын хабарлады. Мәскеу прокуратурасы да келісілмеген әрекеттерге қатысудың жақсылыққа бастамайтынын ескертті.

Мәскеуде Пушкин алаңында плакаттары бар адамдар күндіз ұсталды. Кейін тәртіп сақшылары алаңды қоршап тастады.

Қазірдің өзінде Ресейдің 39 қаласында 400-ден астам наразылық білдіруші ұсталған.

Екатеринбургтегі ұйымдастырылған соғысқа қарсы митингіде 60-қа жуық адам ұсталды.

Онда бірнеше ондаған адам қала әкімдігінің алдына митингке жиналды. Олар «Соғысқа жол жоқ!», «Әлемге бейбітшілік керек», «Путин, әскерлерді шығар» деп ұрандаса, акцияға қатысушылардың кейбірі өздерімен бірге плакаттар ала келген.

Znak.com агенттігі біраз уақыт оларға ешкім тиіспегенін, бірақ кейін ОМОН шерушілерді таратып, шетінен ұстауға кіріскенін жазды.

Кешкі сағат жетіде, BBC тілшісінің хабарлауынша, ел астанасындағы Пушкин және Новопушкинский алаңы аймағында 400-ге жуық адам болған.

Соғыстың болғанын қаламайтын халық көшеде әлі тұр.

Ал Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Украинадағы әскери операцияға қарсылық білдірген ресейліктер «өздерінің бір сәттік мәселелері мен қиындықтары туралы ғана ойлап отыр» деп санайды.

Бейсенбіде көптеген атақты адамдар, соның ішінде музыканттар соғысқа қарсы шыққан еді. Олардың қатарында Юрий Шевчук пен Борис Гребенщиков бар. Қазіргі сәтте мұндай азаматтардың қатары көбеймесе, азаятын түрі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#митинг #Ресей