Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға соғыс ашуына байланысты мәлімдеме жасап, өз тарапынан және үлкен жетілік тарапынан қолданылатын қатаң шаралар туралы айтты.
– Ол бұрынғы Кеңес Одағын қалпына келтіргісі келеді. Бірақ біз Путинді шешім қабылдай алмайтын деңгейге дейін әлсіретеміз. Әлемнің үштен бірі оған қарсы, ол бүкіл әлемге қарсы болып отыр, – деді Байден.
Байден Путиннің өзіне санкция салу мәселелерін қарастыратынын, сондай-ақ, ресей әскері НАТО-ға мүше елдерге тиісетін болса, бұдан да жоғары қысым көрсететінін жеткізді.
орда.кз