21.03.2022, 16:36

Қытайдың оңтүстігінде 132 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ құлаған жер таулы аймақ болғандықтан құтқарушылардың апат орнына жетуі қиындаған.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы дүйсенбіде Қытайдың орталық телеарнасы Weibo-дағы аккаунтында SCAR төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап мәлім етті. Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Ұшақ бортында 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында өрт шыққан. Апат болған жерге құтқару қызметі жөнелтілді.

Ұшақ құлаған жер таулы аймақ болғандықтан құтқарушылардың апат орнына жетуі қиындаған.