$ 494.87  520.65  4.91

Германия Ресейге эмбарго жариялауға келісті

Мұның өзі Еуроодақтың эмбарго жариялауға бір қадам жақындатпақ әрі басқа елдердің де Ресей өнімінен бас тартуына түрткі болмақ.
Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

Германия Ресейдің газын сатып алуға эмбарго жариялауға анық келісті. Бірақ Еуропаның әзірше 6 мемлекеті әлі де эмбаргоға жариялауға дайын емес отыр. Бұл жайлы Deutsche Welle жазды.

Агенттіктің жазуынша, Германия Ресейге санкцияның алтыншы пакетін салып, онда эмбарго жариялауға дайын екенін білдірген.

Еуропа экономикасының басты гиганты – Германия ресейдің газын сатып алуға тыйым салатынын мәлімдеп, үлкен қадамға барды. Мұның өзі Еуроодақтың эмбарго жариялауға бір қадам жақындатпақ әрі басқа елдердің де Ресей өнімінен бас тартуына түрткі болмақ.

Бірақ әзірше Еуропаның 6 мемлекеті – Венгрия, Аустрия, Словакия, Испания, Италия және Греция эмбарго жариялауға әлі дайын емес. Бұл мемлекеттер ресейдің газына өте тәуелді мемлекеттер. Әсіресе, Венгрия мен Словакия тәуелді. Ал қалғандары газ бағасы тым қымбаттап кете ме деп қауіптеніп отыр.

bugin.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#газ #Ресей