$ 449.58  486.94  4.86

Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Әсіресе Нигерия мен Конгода ауру өршіп тұр.

Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала деректері бойынша маймыл шешегін жұқтыру деректері күн сайын өсуде. Әсіресе Нигерия мен Конгода ауру өршіп тұр.

Бүгінгі таңда әлемнің 75 елінде 12 649 жағдай тіркеліп, оның ішінен 12 612-сі расталды.

Ұлыбританияда – 1856, Германияда – 1859, Испанияда – 2835, Францияда – 908, Португалияда – 515, АҚШ-та – 1813, Канадада – 478, Нидерландыда – 549, Италияда – 339, Бельгияда – 224, Швейцарияда – 198, Бразилияда –310 адам жұқтырған.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Инфекция жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#маймыл шешек