$ 444.22  476.38  4.82

Тағы бір мемлекет Ресейді «терроризмнің демеушісі» деп таныды

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдаған еді.

Латвия Сеймі 11 тамызда Ресей Федерациясын "терроризмді қолдайтын мемлекет" деп таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жергілікті депутаттар Украинаның және басқа елдердің бейбіт тұрғындарына қарсы Ресейдің зорлық-зомбылық әрекетіне "терроризм" деген баға берді.

Осы орайда Латвия ЕО елдерін Украинаға әскери, қаржылық, гуманитарлық және дипломатиялық қолдау көрсетуін арттыруға, Ресей Федерациясының әскери әрекеттерін айыптауға, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Сонымен қатар Ресейді халықаралық және аймақтық ұйымдардан оқшаулау ұсынылды.

Депутаттар Мәскеудің әскери агрессиясының жақтаушысы ретінде Беларуське де дәл сондай санкциялар енгізуді ұсынды.

Шілде айының соңында АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдады. Қарарда Шешенстандағы, Грузиядағы, Сириядағы және Украинадағы оқиғалар бұл шешімді қабылдауға себеп болғаны жазылған. Ресейді бұл тізімге енгізуді Киев ұсынған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары