20.09.2022, 12:40

Санкцияның салқыны: Turkish Airlines әуе компаниясы Ресей ұшқыштарын оқытудан бас тартып жатыр

Бұған дейін Түркияның аса ірі Iş Bankası банкі бастаған банктері Ресейдің "Мир" төлем жүйесінен бас тартқан еді.

Turkish Airlines әуе компаниясының оқу орталығы Ресей ұшқыштарын оқытудан бас тартты деп хабарлайды The Insider басылымы. Бұл ақапаратты Ресей әуе компанияларының бірі растаған.

Turkish Airlines оқу орталығының ресми хатында "бұл шешім Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропа агенттігінің санкциясы күшейгеніне байланысты қабылданғанын" хабарлаған.

The Insider журналистері сөйлескен сарапшылар Turkish Airlines оқу орталығының шешімін өзгелер де қайталайды деп есептейді.

Сарапшылырдың көбі "арнаулы тренажерда жаттығу болмаса Ресейде, әсіресе, алысқа ұшатын Boeing B777 және Airbus A350 лайнерлеріндегі қауіпсіздік төмендей беретінін айтқан.

Бұған дейін Түркияның аса ірі Iş Bankası банкі бастаған банктері Ресейдің "Мир" төлем жүйесінен бас тартқаны белгілі болған.

azattyq.org