$ 443.37  474.49  4.83

Анджелина Джоли Иранда ереуілге шыққан әйелдерді қолдап, үндеу жасады

Актриса әйелдерді “қайта тәрбиелеудің” қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Америкалық актриса Анджелина Джоли әлеуметтік желіде Ирандағы шеруге шыққан әйелдерді қолдап, үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Джоли жүйеге қарсы шығып, шашын кесіп тастаған әйелдердің суретін жариялап, өзінің пікірін білдірді. 

“Ирандағы толқулар жалғасып жатқанына 12 түн болды. Олар 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен соң басталды. Шеру басталғалы арнайы жасақ оларға қатыгездікпен тойтарыс жасап, салдарынан 70 адам қайтыс болған”, – деп жазды ол. 

Актриса әйелдерді “қайта тәрбиелеудің” қажеті жоқ екенін мәлімдеді:

«Иранның өжет, қайсар және батыл қыздарына зор құрмет. Онжылдықтар бойы өмірі үшін жанталасып, қарсылық танытқандар бүгін көшеге шығуда. Әйелдерді қайта тәрбиелеп, олардың моралдық қағидалары мен денесін бақылауға алудың қажет жоқ. Оларға өмір сүруде еркіндік, қауіп-қатерсіз және қорқынышсыз өмір қажет”, – деп мәлімдеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары