$ 443.85  474.3  4.8

«Арнайы жасақ күшпен ұстап әкеткен»: Мобилизациядан қашқандар жазалана бастады

Ресейдің түрлі аймағында мобилизацияға байланысты кемінде он адамның қаза болғаны белгілі, үшеуі өзіне қол жұмсаған.

Пензада "мобилизациядан жалтаруға" қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл Ресейде белгілі болған алғашқы жағдай. Бұл жөнінде "Агора" құқық қорғау тобының жетекшісі Павел Чиков айтты, деп хабарлайды Azattyq.

Чиковтің айтуынша, 32 жастағы күдікті әскери комиссариатқа шақыру қағазына қол қоюдан бас тартып, оны "арнайы жасақ күшпен" ұстап әкеткен. Оның уақытша қамау изоляторында отырғанына екі тәулік болды. Осы апта ортасында оған бұлтартпас шарасын қолдану жөнінде сот өтуі тиіс болған.

Чиковтің айтуынша, Ресей жоғарғы сотының түсіндіруінше, жалтару бабы шұғыл әскери қызметке барудан бас тартқан азаматтарға қолданылады. Мобилизация оған кірмейді.

Күдіктінің адвокаты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш те беріп қойған.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин мобилизация жариялап, арнайы жарлыққа қол қойған. Президент оны ішінара деп атағанмен жарлықта ауқымы ешқандай параметрлермен шектелмеген. Бастапқыда 300 мың адам резервист шақырылмақшы. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәліметінше, оқу орталықтары мен әскери полигондарға мобилизацияланған 200 мың адам келген. "7x7" басылымының жазуынша, екі апта ішінде мобилизация жоспарының орындалуы жөнінде 20 аймақтың басшысы есеп берген.

Ресейдің түрлі аймағында мобилизацияға байланысты кемінде он адамның қаза болғаны белгілі, үшеуі өзіне қол жұмсаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары