$ 444.22  476.38  4.82

«Ирандағы наразылық»: Әлемнің әр бұрышындағы әйелдер қолдау көрсету үшін шаштарын кесіп жатыр

Иран режимі әйелдердің шаштарын толығымен жауып тұратын хиджаб киюін талап етеді.

Наразылық акцияларын өткізіп жатқан ирандық әйелдерге қолдау көрсету мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдер шаштарын кесіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Әйелдердің наразылығына Ислам республикасының әйелдерге арналған қатаң киім үлгісін бұзды деген айыппен ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды.
Иран режимі әйелдердің шаштарын толығымен жауып тұратын хиджаб киюін талап етеді.
Оның жерлеу рәсімінен кейін әйелдер наразылыққа шыққан. Ирандағы әйелдерді қолдау үшін Түркия, Ливан, Лондон және Францияда наразылық акциялары өтіп, әйелдердің ынтымақтасу үшін шаштарын кескен.
Мұндай видеолар әлеуметтік желіде кең таралып, әйелдер қауымы тарапынан қолдауға ие болуда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары