$ 494.87  520.65  4.91

Қылмыскерлер экс-министрді кепілге алып, түрмеден қашпақ болды

Оқиға салдарынан құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алды.

Филиппин мемлекетінің Кесон қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған үш адам бұрынғы әділет министрін кепілге алып, қашпақ болған. Оларға полиция тосқауыл қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні таңертең сотталғандар өздеріне азық-түлік әкелген уақытша ұстау изоляторының қызметкерлерінің бірін ұстап алып, бірнеше жерден пышақ сұққан. Жауап ретінде өзге офицер оқ жаудырып, екі тұтқынды өлтірді. Осы уақытта үшінші тұтқын қапасқа қашып үлгеріп, сол мекемеде отырған бұрынғы іділет министрі Лейла Де Лиманы кепілге алған. Полицейлер онымен келіссөздер жүргізуге тырысты, бірақ нәтиже болмады. Үш тұтқын да мерт болды.

Оқиға салдарынан құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алды. Бұрынғы министрге қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

"Қылмыскерлердің үшеуі де көз жұмды, оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Тергеу изоляторындағы дүрбелең басылды, жағдай қалыпқа келді, тергеу жүріп жатыр", – деді полиция баспасөз қызметінің басшысы генерал Родерик Альба.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары