Киевте бүгін таңертең бірнеше жарылыс болды. Жергілікті БАҚ өкілдері және Telegram-каналдар зымырандардың әліге дейін қаланың және Украинаның өзге де аймақтарына түсіп жатқанын жазуда, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Ресми расталмаған ақпарат бойынша Киевте 4 жарылыс болған. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желі арқылы таратуда.
Киев мэрі Виталий Кличко Шевченков ауданындағы жарылыстарды растады.
«Шевченко ауданындағы бірнеше жарылыс – ел астанасының орталығында болды. Барлық қызмет түрі жұмылдырылды. Толығырақ кейінірек», - деді ол өзінің Telegram-каналында.
Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров те Twitter-де Киев қаласының орталығына зымыран түскенін растады.
Украинаның ІІМ ел тұрғындарына жабық жерден шықпауды ескертті.