Ресейлік БАҚ Украина қауіпсіздік қызметі Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке іздеу жариялағанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат республика Ішкі істер министрлігінің деректер базасында да жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz RBK басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Медведевті Украина ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігі бойынша "Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғылмаушылықты билік өкілі жасаған" деген айыптауға байланысты Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатыр. Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза - он жылға дейін бас бостандығынан айыру.