$ 442.05  474.14  4.74

Нигерияда су тасқынынан 500-ге жуық адам қаза тапты

45 мыңнан астам тұрғын үй қирады, 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары жоғалып кетті.

Соңғы айларда жаңбырлы маусым басталғалы бері Нигерияда су тасқыны салдарынан 500-ге жуық адам қаза тапты және 1,5 миллион азамат үйін тастап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

45 мыңнан астам тұрғын үй қирады, 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары жоғалып кетті.

Бүкіл ел бойынша жолдар мен инфрақұрылымның зақымдануына байланысты жанармай жетіспейді, Абуджадағы жанармай құю бекеттерінде ұзынсонар кезек пайда болды. Төтенше су тасқынының салдары барлық аймақтарды қамтыды, халыққа азық-түлік дағдарысы қаупі төніп тұр.

Ауа райы болжамы бойынша, қалың жауын қараша айының соңына дейін тоқтамайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нигерия