22.10.2022, 11:00

Херсонда Антонов көпіріне соққы жасалды

Херсон облысының Ресейге қарайтын әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Кирилл Стремоусов өткелге соққыдан төрт адам опат болғанын, он адам жараланғанын айтты.

Украина әскері бейсенбі күні кешке Херсондағы Антонов көпірі маңына соққы жасады. Бұл жөнінде жергілікті "Мост" жаңалықтар сайты хабарлады. Басылым тілшілерінің айтуынша, соққы жасалған кезде көпір маңындағы өткелде орыс әскері мен техникасы жылжып бара жатқан.

Дәл осының алдында ауданға Ресей президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Сергей Кириенко мен Мәскеу аннексиялап алған Қырым жетекшісі Сергей Аксенов келіп кеткен.

Зымыран шабуылы туралы украиналық және ресейлік телеграм-арналары хабарлады.

Херсон облысының Ресейге қарайтын әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Кирилл Стремоусов өткелге соққыдан төрт адам опат болғанын, он адам жараланғанын айтты. Оның айтуынша, жараланғандар арасында бейбіт азаматтар мен жергілікті ресейшіл журналистер бар.

Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" басқармасының өкілі Наталия Гуменюк ауданға соққы жасалғанын растады. Оның сөзіне қарағанда, бейбіт азаматтардың зардап шегуі мХерсон облысының Ресейге қарайтын әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Кирилл Стремоусов өткелге соққыдан төрт адам опат болғанын, он адам жараланғанын айтты. үмкін емес, себебі соққы бейсенбі күні кешке жасалған. Ал Херсонда мұндай кезде коменданттық сағат жарияланған, қарапайым азаматтарға өткелден өтуге тыйым салынған.

Соғыс жағдайында тараптардың мәлімдемесін тексеру қиын.

Херсонды Днепрдің сол жағалауымен жалғап тұрған Антонов көпірі бұған дейін украиналық зымырандар шабуылының салдарынан жарамсыз болып қалған. Көпірдің жанынан паром өткелі ұйымдастырылған. Ресейге қарайтын билік украин әскерінің Херсонға басып кіруге дайындалып жатқанын айтып, тұрғындарды басқа жаққа кетуге үндеген.

Украина президенті Владимир Зеленский бір күн бұрын орыс күштері Херсон облысында Кахов су электр станциясын миналап тастағанын мәлімдеген. Оның пікірінше, орыс күштері шегініп бара жатып су қоймасын жарып жіберуі мүмкін. Ал Ресей тарабы Украина жағын солай істеуі мүмкін деп мәлімдеген.

Харьков пен Запорожье билігі жұма күні таңертең Ресей күштерінің қалаларды атқылағанын хабарлаған еді. Жергілікті биліктің мәліметінше, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қираған, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Харьковте өнеркәсіп нысанына зымыран түскен, алты адам жараланған.

Azattyq.org

Тегтер: Ресей Украина