27.10.2022, 10:00

Иран Ширазындағы Шах Черах кесенесінде атыс болып, 15 адам қаза тапты

Бастапқыда шабуыл салдарынан 40-қа жуық қажы жараланды деген хабар тараған. Кейінірек Иранның мемлекеттік теледидары кем дегенде 19 адам жарақат алды деп мәлімдеді.

Иранның Шираздағы Шах Черах кесенесінде атыс салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында  бір әйел мен екі бала бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Бастапқыда шабуыл салдарынан 40-қа жуық қажы жараланды деген хабар тараған. Кейінірек Иранның мемлекеттік теледидары кем дегенде 19 адам жарақат алды деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігі шабуылдаушылардың үшеуі болғанын хабарлады. Алайда Фарс провинциясы басшысының орынбасары Эсмаил Мохебипур теледидарда жарақат алып, ұсталған бір адамды атып тастағанын хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, ол Калашников автоматын қолданған.

Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде террористік ұйым деп танылды және тыйым салынған).

Иран билігі үшін «ИМ» ұйымы дұшпандарының қатарына жатса да, бұл елдегі жиһадшылардың шабуылы салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Соңғы рет 2018 жылы Ахваз қаласындағы әскери шеруде 30-ға жуық адам осы ұйымның кесірінен қаза тапқан еді. Бұған дейін жиһадшылар 2017 жылы Аятолла Хомейни кесенесі мен Иран Парламентіне шабуыл жасағаны туралы мәлімдеген.

Соңғы шабуыл Иран полицейлерінің қолынан қаза тапқан Махс Аминиді еске алу үшін аза тұту рәсімі өткен зираттағы атыспен аяқталды.

Хиджабты дұрыс тақпағаны үшін айыпталған ирандық қыз полицияның соққысынан көз жұмған еді.

Тегтер: Иран атыс