27.10.2022, 15:20

Украинаның Донецк облысында қиян-кескі соғыс жүріп жатыр

Батыс елдері Украинаны қолдауды күшейтті.

Украинаның Донецк облысында жергілікті әскер мен Ресей армиясы арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Бұған қоса Луганск бағытында ұрыс белсенді түрде жүріп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда қарсыласушы тараптар Херсонда кескілескен қақтығысқа дайындық жүргізуде.

Рейтер дерегіне сай, Ресей күштері бұл облыстан кетпей, керісінше мұндағы бекіністерін күшейте түскен.

Әскери сарапшылардың болжамынша, Херсон үшін ұрыс 8 айға созылған қақтығыстың ең маңызды, шешуші шайқасы болмақ. Осындай шақта батыс елдері Украинаны қолдауды күшейтті.

Qazaqstan.tv